Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамптың коронавирустан емделуіне қанша қаржы кетті

Опубликовано:

Дональд Трамп идет по улице
Дональд Трамп. Фото: Chris Kleponis/Polaris/Bloomberg/Getty Images

Бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ президенті Дональд Трамптың COVID-19 індетінен емделуіне 100 мың доллардан астам қаражат жұмсалғанын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

New York Times басылымының ақпарынша, президент ауруханаға тікұшақпен ұшып келіп, үш күн емделген соң қайтадан ұшып кеткен.

"Коронавирусқа көптеген тест тапсырды, оттегін, стероидтарды қабылдап, антиденелермен тәжірибелік ем алды. Америкалық денсаулық сақтау жүйесінде бұлардың бағасы 100 мың доллардан асады", – деп жазды басылым.

Сондай-ақ дереккөз тікұшақпен ауруханаға барып-келудің бағасы 40 мың долларды құрайтынын атап өтті.

Бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған Дональд Трамптың ауруханадан шыққанын хабарлаған едік.

АҚШ президенті дүйсенбі күні коронавирустан емделіп жатқан Уолтер Рид ұлттық әскери-медициналық орталығынан Ақ үйге оралды.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы өзін "өте жақсы" сезінетінін айтқан.

Кейінірек Дональд Трамп Ақ үйге кіргеннен соң денсаулығы жайлы баяндап, видео-хабарлама жасады.

Айта кетейік, АҚШ президенті кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін карантинге жатқызылған болатын. Ал Трамптың өзі коронавирусқ тест тапсырып, нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

Кейіннен ол Twitter желісіндегі парақшасында жұбайы Мелания екеуінің коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878514-trampty-koronavirustan-emdeluine-kansa-karzy-ketti/

pixel