RU

Тойдағы 250 қонақты жасырған жас жұбайлар карантинді бұзбаудың амалын тапты (фото)

Той
Көрнекі фото: pixabay.com

Ұлыбританияда тапқыр жас жұбайлар карантин шартын бұзбай, тойына 250 адам шақыра алды. Жастардың ойлап тапқан бұл ұтымды амалын көпшілік қайталауға кіріскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Ұлыбританияда жас жұбайлар 250 адамға арналған той жасау кезінде карантинді бұзбауға мүмкіндік беретін лайфхак ойлап тапты деп жазады The Mirror.

Той
Фото: TIM STEWART NEWS LIMITED

Олар саябақтың ашық алаңында автокөлік кинотеатрына ұқсас той ұйымдастырады: салтанатты шара үлкен экранда көрсетіліп, 250-ге жуық қонақ мерекені көліктерінен тамашалады.

Той
Фото: TIM STEWART NEWS LIMITED

Тағы 300-ге жуық туысқан қалыңдық пен күйеу жігітті бейнебайланыс арқылы эфирге қосылып, құттықтау мүмкіндігіне ие болды.

Той
Фото: TIM STEWART NEWS LIMITED

Ұлыбританияда енгізілген қатаң карантин үйлену тойына қалыңдық, күйеу жігіт және салтанат иесін қоса алғанда қатысушылар санын 15 адамнан артық етуге тыйым салады. Бұл тыйымды бұзбау үшін Рома Попат пен Виналь Патель қонақтарынан мерекенің төрт сағатында көліктен шықпауды сұраған.

Той
Фото: TIM STEWART NEWS LIMITED

Жиналғандардың барлығына бактерияға қарсы гель, азық-түлік себеттері және қоқыс салуға болатын пакеттер таратылды. Даяшылар әр көлікке тағамдарды гироскутермен жеткізіп отырды.

Той
Фото: TIM STEWART NEWS LIMITED

Салтанатты шараға қалыңдық пен күйеу жігіт көлікпен келді. Той иелері үйлену тойын кейінге қалдырмауға шешім қабылдаған, себебі тойды онсыз да сәуірден қазанға ауыстыруларына мәжбүр болыпты.

Той
Фото: TIM STEWART NEWS LIMITED

Тойды ұйымдастырушылар карантин жағдайындағы алғашқы үйлену тойы сәтті өткенін айтуда. Компания осындай іс-шараларға тапсырыс толып кеткенін жасырмайды.

Той
Фото: TIM STEWART NEWS LIMITED

Еске салсақ, бұған дейін біз тойда қонақтарды "чипсымен қатырған" жас жұбайлар сынға қалғанын жазған едік.

Той
Фото: TIM STEWART NEWS LIMITED

Одан бөлек, алғашқы кездесуде сүйіктісіне білместен ұсыныс жасап қойған жігіт ұятқа қалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878539-tojdagy-250-konakty-zasyrgan-zas-zbajlar-karantindi-bzbaudy-amalyn-tapty-foto.html