Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мүлдем басқа адам": "Қара қатын Қолтықшаш" адам танымастай өзгеріп кетті

Опубликовано:

Қара қатын Қолтықшаш
Фото: Видеодан кадр

Тик-ток желісінде жұлдызы жанған тараздық блогер "қара қатын Қолтықшаш" өзі қатысқан бағдарламаның екінші бөлімінде мүлдем басқа кейіпте шығып, қалың көпшілікті таңғалдырды. 32 жастағы тараздық келіншекті теледидардан байқап қалған сәнгерлер оған өз көмегін ұсынуға асық болған. Нәтижесінде дизайнерлер мен стилистер оның образын түбегейлі өзгерткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлнәр Түлекова "Астарлы ақиқаттың" бірінші бөліміне өздігінен киініп шыққан болса, бағдарламаның екінші жалғасында дизайнерлердің нұсқаулығына құлақ асуды жөн көрген.

Желі жұлдызы студияда жиналған көпшілікті өзінің жаңа кейпімен аса қатты таңғалдырған. Бағдарламаға қатысушылардың кейбірі тіпті блогер келіншекті мүлдем танымай қалғанын жасырмады.

"Қара қатын Қолтықшаш" бір мезетте қарапайым әйелден сәнқой сылқымға айналып шыға келді. Қызының мұндай өзгерісін анасы да күтпеген. Ол Гүлнәр студияға кіріп келген бойда көзіне жас алып, өз-өзіне сене алмай отырды.

Белгілі стилистер блогер келіншектің шаш үлгісі мен түсіне өзгерісін енгізіп, бетіне әдемі макияж жасап берген. Ал танымал дизайнерлер оған бір емес, бірнеше сәнді образ ұсынды.

Гүлнәр Түлекованың өзгерісі барша оқырмандарының көңілінен шыққан көрінеді. Көпшілік желіде оның жаңа кейпіне тәнті болғандарын жарыса жазуда.

Айта кетейік, бұған дейін "қара қатын Қолтықшаш" өзі туралы бар шындықты айтып тастаған болатын. Оған қоса, тараздық блогер әкесі жайлы жан сырын ақтарды. Белгілі болғандай, келіншектің әкесін осыдан 38 жыл бұрын жын басып кеткен. Отағасы ұлымен бірге әйелі мен қыздарынан бөлек тұрады екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878541-mldem-baska-adam-kara-katyn-koltyksas-adam-tanymastaj-zgerip-ketti-video/

pixel