Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қытай коронавирус таралғаны үшін жауап береді": Трамп даулы мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Трамп мәлімдеме
Фото: Getty Images / Ethan Miller

АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдың коронавирус инфекциясы таралғаны үшін "жауап беретініне" уәде берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бұл сіздердің кінәларыңыз емес, болған жағдайға Қытай кінәлі. Қытай біздің елге және әлемге жасаған ісі үшін жауап беретін болады", – деп мәлімдеді Трамп Twitter желісінде жариялаған бейнеүндеуінде.

Өз кезегінде Қытай коронавирус инфекциясының тарауына байланысты АҚШ-тың айыптауларын теріске шығарып отыр.

Ал Дональд Трамп АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцинаның қараша айындағы президент сайлауынан кейін пайда болатынын жеткізіп, бұған саясатты кінәлады.

Бұған дейін коронавирус инфекциясын жұқтырған Дональд Трамптың ауруханадан шыққанын хабарлаған едік.

АҚШ президенті дүйсенбі күні коронавирустан емделіп жатқан Уолтер Рид ұлттық әскери-медициналық орталығынан Ақ үйге оралды.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы өзін "өте жақсы" сезінетінін айтқан.

Дональд Трамптың өзі Ақ үйге кіргеннен соң денсаулығы жайлы баяндап, видео-хабарлама жасады.

Айта кетейік, АҚШ президенті кеңесшісі Хоуп Хикстен COVID-19 расталғаннан кейін карантинге жатқызылған болатын. Ал Трамптың өзі коронавирусқ тест тапсырып, нәтижесін күтіп отырғанын мәлімдеген еді.

Кейіннен ол Twitter желісіндегі парақшасында жұбайы Мелания екеуінің коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878561-kytaj-koronavirusty-taralgany-sin-zauap-beredi-tramp-dauly-mlimdeme-zasady/

pixel