RU

Ортаңғы саусағын көрсетті: Ақтауда жігіт пен қыздың не үшін төбелескені белгілі болды

Ақтауда төбелескен қыз бен жігіт видеоға түсіп қалды
Видеодағы кадр: lada.kz

Ақтауда жол бойында ер адаммен төбелесіп қалған қыз жандалдың шығу себебін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жанжал Ақтаудағы 16-19 шағын аудандар арасында болған. Қиылыста жігіт пен қыз төбелесіп қалған. Жанжалдың қатысушысы оқиғаның мән-жайын айтып берді деп хабарлайды Lada.kz.

Қала тұрғының сөзінше, олар құрбысы екеуі көшеде жігіттердің дәрет сындырып тұрғанын көрген. Сөйтіп олар бірден ескерту жасапты. Алайда жігіттер қыздарға ортаңғы саусағын көрсетіп, әдепсіздік танытқан.

Бойжеткендер де қарсыластарына солай жауап беріп, дүкенге кіріп кеткен. Ал жігіттер олардың артынан аңдыған.

"Іште олар біздің өздеріне ұнап қалғанымызды айтты. Олардың бірі бізді итеріп жіберді. Біз де бұл дөрекілікті елемей қоймай, оларды итеріп жібердік. Сосын сөзден сөз шығып, көшеде төбелес басталды", - деді жанжалдың қатысушысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтауда қыздар мен жігіттердің жолдың қақ ортасында төбелесіп жатқанын жазған едік.

Сол кезде полиция оқиғаға байланысты 102 нөміріне хабар түспегенін айтқан болатын.

"Сондай-ақ, Маңғыстау облыстық ауруханасына да ешкім жүгінген жоқ", – деді полицияның генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаев.

Айта кетсек, Алматыда түнгі уақытта бардың жанында жаппай төбелес болған еді. Бейнежазбадан саны 10-нан астам жігіттердің жол бойында сөзге келіп, жаға жыртысып жатқанын көруге болады. Қалалық полиция бұл факт бойынша органдарға ешкімнен шағым түспегенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878570-ortagy-sausagyn-krsetti-aktauda-zigit-pen-kyzdy-ne-sin-tbeleskeni-belgili-boldy.html