RU

18+: Төсек ләззатын алу үшін қызыл түсті іш киім кию керек екені рас па

Төсек қатынасы
Көрнекі фото: ru.freepok.com

Әркімнің сексуалдық тұрғыда қозу деңгейі әртүрлі. Біреу өзінің құшқысы келетін адамын көргеннен "отала" бастаса, енді біреуге төсекке деген қалауын оятуға біраз уақыт керек. Жыныстық қатынасқа деген қалауды әртүрлі түс те қоздыра алады. Егер кімде-кімге жыныстық қатынаста батылдық жетпесе, төсек жаймасы, ішкиім, жалпы жатын жайдағы интерьерде арнайы бір түсті пайдалануға болады деп жазады KAZ.NUR.KZ Ernur.kz сайтына сілтеме жасап.

Тән қалауына тояттау үшін қызыл түс қажет

Құштарлығыңыз оянса да, құмарыңыз қанбай қалатын сәттер жиі бола ма? Онда төсек жаймасын қызыл түстен таңдаңыз. Әйел қызыл түстен ішкиім кисе, тіптен жақсы. Түстің адамның көңіл-күйіне әсер ететінін ескерсек, онда қызыл түсті жиі қолданғандар төсек ләззатының шарықтау шегіне жетіп, оргазмның дәмін жиі татады. Бірақ асыра сілтемеу қажет.

Қызылсары түс жыныстық қатынасты көңілсіз орындайтындарға арналады

Кейде ешбір себепсіз, көңіл-күй "аяқтың ұшына түсіп" кетеді. Екінші жартың қанша қалап, емеурін танытып өліп-өшіп жатса да, сол қатынасқа қуанбайтын, селсоқ жандар болады. Міне, осындайларға қызылсары түс әсер ете алады. Әсіресе, оны ертерек дайындап қойса, тіптен жақсы. Тіпті, төсек ләззатына тоят табар бөлменің пердесі осы түстен болса, көңілсіздікті тез сейілтіп жібереді.

Сары түс батыл қимылдарға арналған

Қай жаста болмасын, жыныстық қатынасқа келгенде батылдық өте қажет. Адам өзінің сексуалдық қалауын ойша шарықтатып қиялдағанымен, төсекке келгенде кібіртіктеп қалатыны бар. Әсіресе, қандай да бір жаңа позаға келгенде дүдәмал ойға тап болады. Осындай жандарға үйдегі интерьерде қолданылған немесе киімнің сары түсі көмектесе алады екен. Яғни, төсектен ләззат алуға сенімсіздеу болсаңыз, сары түске ден қойыңыз.

Жасыл түс - жаңа өмір

Жасыл түс - өміршеңдіктің белгісі. Ал төсектегі екеудің интерьерінде қолданылған осынау түс көбіне жаңа өмірдің пайда болуына, яғни, жүкті болуға әсер ететін көрінеді. Демек, ыстық құшақтардың нәтижесі жүктілік болсын десеңіз, жасыл түске көбірек мән беріп, оны жатын бөлмеде пайдалансаңыз болады.

Еркін қимылдау үшін көгілдір түс қажет

Төсекке келгенде кібіртіктеп, ойындағысын орындай алмай қалатындар аз емес. Тән қалауын орындау үшін еркіндік аса қажет-ақ. Егер төсек ләззатын алуда сізге еркіндік жетіспесе, онда интерьерде де, киімде болсын, көгілдір түстің болғаны жақсы.

Көк түсті ақылмен "қимылайтындар" пайдаланады

Иә, төсек қатынасына да ақыл керек. Біздің жануарлардан айырмашылығымыз да сонда. Ессіздікке бармай, төсек үстінде адамдық келбетті жоғалтпауға көк түстің көмегі көп екенін айтады мамандар. Әсіресе, дөрекілікке жол бермей, жыныстық қатынастың өз деңгейінде, шекарадан шықпауын қалайтындар үшін, сонымен қатар, тым қызба жандарды аздап болса да сабасына түсіруге көмектесетін көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878581-18-tsek-lzzatyn-kalasayz-kyzyl-tsti-is-kiim-kiiiz.html