RU

Ошта Сооронбай Жээнбековті қолдауға арналған митинг өтуде (фото)

митинг Ош 1
Фото: Sputnik / Эламан Карымшаков

Қырғызстандағы Ош қаласының орталығында президент Сооронбай Жээнбековті қолдауға арналған митинг өтіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Іс-шара қатысушылары бейбіт митинг өткізіп жатқандарын мәлімдеді. Олар қолдарында "Заңды президент Сооронбай Жээнбеков!", "Бізге тұрақтылық пен заңдылық қажет!", "Мемлекет заңды жолға оралсын!", деген плакаттарды көруге болады.

Алдын ала деректер бойынша, қаланың орталық алаңына 400-ге жуық адам жиналған.

митинг Ош 2
Фото: Sputnik / Эламан Карымшаков

митинг Ош 3
Фото: Sputnik / Эламан Карымшаков

митинг Ош 4
Фото: Sputnik / Эламан Карымшаков

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған көңілі толмаған тұрғындар 5 қазанда наразылық шеруіне шыққан. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Наразы жұрт Ақ үйді басып алып, сонымен қатар қамауда отырған елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты бостандыққа шығарып алды.

Бастапқыда шерушілердің полициямен қақтығысынан 120-дан аса адам зардап шеккені хабарланды.

Кейінірек наразылық акциясынан зардап шеккендердің саны өскені, бір адамның қайтыс болғанын хабарланды.

Айта кетсек, қырғызстандық сарапшылар Сооронбай Жээнбеков өз еркімен отставкаға кетуі керек деп есептейді. Олай болмаған жағдайда Жогаргу Кенеш мүшелерінің кем дегенде 80 дауысымен легитимді президентке импичмент жариялануы мүмкін.

Ал кейін Қырғызстан депуттары президентке импичмент жариялау туралы бастама көтергені хабарланды. Алайда олар толықтай дауыс жинай алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878583-osta-sooronbaj-zeenbekovti-koldauga-arnalgan-miting-tude-foto.html