RU

Лукашенко: Коронавируспен күрестегі Беларусь тәжірибесі әлем үшін баға жетпес тәжірибе

Лукашенко
Фото: unn.com.ua

Александр Лукашенко коронавирус инфекциясымен күрестегі Беларусь тәжірибесінің бүкіл әлем үшін баға жетпес екенін айтты. Оның ойынша, елде жақсы тәжірибе қалыптасты деп деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Минскіде Беларусь президенті Александр Лукашенконың қатысуымен жиналыс өтіп жатыр. Онда эпидемиологиялық маусымдағы денсаулық сақтау тақырыбы талқылануда.

БЕЛТА Telegram арнасының жазуынша, Лукашенко Беларусь тәжірибесін әлем үшін баға жетпес деп атаған.

"Біз алған тәжірибе бағасыз. Біз таңдаған жол да бүгінде әлем үшін бағасыз болып отыр. Иә, біз өткен жолға, адамдарымызды емдеген әдістерге, оларды оқшаулап, жаппағанымызға, таза ауада болуға кеңес бергенімізге ешкім рахмет айтпайды. Бірақ егер сен дәріханаға, дүкенге бара жатсаң өзіңмен бірге міндетті түрде маска ал", - деді Беларусь басшысы.

Ол COVID-19 көктемгі шарықтау кезінде Беларусь денсаулық сақтау жүйесінің жақсы медициналық тәжірибе жинағанын атап өтті.

Коронавирус пандемиясы басталғалы бері Беларусьта 81 505 вирус жұқтыру дерегі тіркелген. Оның 874-і аурудан қайтыс болды.

Еске сала кетсек, Грузия үкіметі коронавирус жұқтырғандар немесе олармен байланыста болғандарға қатысты жаңа қаулы қабылдады.

Айта кетейік, Чехияда COVID-19 бойынша жаңа антирекорд тіркелді. Бір тәулікте 4 457 адамнан коронавирус анықталған.

Ал елдегі жағдай келсек, 7 қазанда 92 адамнан корнавирус инфекциясы табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878585-lukasenko-koronaviruspen-krestegi-belarus-tziribesi-lem-sin-baga-zetpes-tziribe.html