RU

Желіде "Борат" атты әжетхана қағазын жарнамалайтын ролик пайда болды (видео)

Борат1
Фото: Dani Abramowicz/Getty Images

Әлеуметтік желіде "Борат" атты әжетханы қағазының "пайда болғанын" суреттейтін видео кеңінен тарап, көпшіліктің талқысына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеоны әлеуметтік желідегі парақшасында "Әзіл әлемі" театрының актері, сыр елінің талантты тумасы Қанат Әлжаппаров жариялады.

Кадрдан ер адамның жаңа әжетха қағазы шыққанын өлең жолдарымен "жарнамалап" жатқанын байқау қиын емес.

"Ассалаумағалейкум қазақ елі. Әжетхана қағазы "Борат", - деп таныстырды автор.

Ал роликті жүктеген әзілкештің өзі "Осыны ағылшын тілінде жазу керек. Жаппай пайдаланайық ағайын" деген бастама көтерді.

Мұны көрген желі оқырмандары "Оңбағанды осылай жазалау керек", "Осы қағазды экспортқа шығарайық", "Бұл қағазға сұраныс көп болайын деп тұр","Тегін тарату керек сияқты", "Осыны шығарған авторға үлкен алғыс" деген пікірлерін қалдырды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазнет қолданушылары #CancelBorat хэштегін іске қосқанын хабарлаған едік. Өз жазбаларында мыңдаған қазақстандық Қазақстан туралы деп түсірілген америкалық "Борат-2" фильмінің шығуына наразылықтарын білдірген.

Фильмнің 2006 жылы шыққан бірінші бөлімі Қазақстанды мәдени дамуынсыз, экономикасын, архитектурасын әжуалап, өркениеттен жұрдай, тым артта қалған мемлекет ретінде көрсетті.

Осыдан кейін бүкіл әлем ел туралы спорттағы, музыкадағы, саясаттағы жетістіктерінен емес, "Борат" фильмінен білді.

Содан кейін Қазақстанда фильмді кинотеатрларда көрсетуге тыйым салынды.

Екінші бөлімнің шығатыны туралы сыбыс тамыз айында пайда болды. Соңынан түсірілімнен алынған кадрлар да желіге тарап үлгерді.

Жақында барлық күдіктер расталды, өйткені Amazon Prime Video стримингтік қызметінің YouTube каналында "Борат - 2" фильмінің трейлері шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878601-zelide-borat-atty-zethana-kagazyn-zarnamalajtyn-rolik-pajda-boldy-video.html