RU

Коронавирустан қорғанудың әдісі дәлелденді

тәжфирус15
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлыбританиядағы Бирмингем университетінің ғалымдары Д дәрумені коронавирус жұқтырудан қорғайтынын дәлелдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Бұл туралы medRxiv басылымында жарияланған мақалада айтылған. Зерттеушілер SARS-CoV-2 антиденелері мен D дәруменінің бар-жоғын анықтау үшін 392 медицина қызметкерінің қан сынамаларын талдады.

Олардың 55 процентінде коронавирус антиденелері болған, ал 61 процентінде Д дәрумені тапшы болып шықты. Сондай-ақ ағзасында Д дәрумені жетіспеушілігі бар адамдар ауырсыну, дененің ауыруы немесе дене қызуы сияқты белгілер туралы жиі айтқан. Бұдан Д дәруменінің жетіспеушілігі вирусқа деген бейімділікті арттыратынын көрсетеді.

Айта кетейік, елордаға ұшып келген ПТР-тест анықтамасы жоқ 122 жолаушы карантинге жатқызылды.

Бүгін, 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан әуежайына Turkish Airlines, Air Astana мен Flydubai әуе компанияларының ұшақтары келіп қонған. Әуе кемесінің борттарында борттарында 828 жолаушы мен экипаждардың 36 мүшесі болған.

Осы жолаушылардың ішінде 122 адамның коронавирус жұқтырмағанын растайтын анықттама болмапты. Сол себепті олардың бәрі де карантиндік стационарға жатқызылған. Дегенмен жолаушылар арасында дене қызуы көтерілген адам анықталмаған. ПТР-тесттен өткеннен кейін жолаушылар үйлеріне жіберіледі. Егер олардың коронавирус жұқтырғаны белгілі болса инфекциялық стационарға барады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878633-koronavirustan-korganudy-disi-dleldendi.html