RU

Тұман түсіп, үсік жүреді: Еліміздің алты облысында ескерту жарияланды

үсік жүреді
Көрнекі фото: tolqyn.kz

Қазақстанда ауа райына байланысты алты облыс аумағында ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап

9 қазан күні түнде Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Слтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысқан желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

9 қазанда күндіз, 10 қазанда тәулік бойы Солтүстік Қазақстан облысының кей бөліктерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, күші 15-20 м/с жетеді.

9 қазанда күндіз, 10 қазанда тәулік бойы Петропавлда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі.

9 қазанда Шығыс Қазақстан облысының кейбір аумақтарында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғып, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді деп күтіледі.

9 қазан түнде Қызылорда облысының солтүстігінде 3 градус үсік жүреді. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

9 қазанда Түркістан облысының кей жерлерінде түнде тұман түсуі ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші кейде 15-20 м/с жетеді. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік жүреді.

9 қазанда түнде Шымкентте топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.

Түркістан қаласында 9 қазанда күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с күшті жел соғады. Түнде 1-3 градус суық болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878642-tman-tsip-sik-zredi-elimizdi-alty-oblysynda-eskertu-zarialandy.html