RU

Президент «Қазақтелеком» басшысына интернет сапасын арттыруды тапсырды

тоқаев және сүлейменов
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан президентіне ауылдық елдімекендердегі талшықты-оптикалық желі байланысының құрылысына қатысты ірі жобаның жүзеге асырылуы жайында баяндалды. Бұл жоба жыл соңына дейін толық аяқталуға тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа көлеңкелі айналымды азайту мақсатында тауарларды таңбалауды енгізу барысы туралы мәлімет берілді. Бұл жобаға «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы операторлық етеді.

Мемлекет басшысы компания жұмысының нәтижелеріне оң баға берді.

Сонымен қатар халыққа және бизнеске жаңа цифрлық қызметтерді ұсыну, интернет пен ұялы байланыстың қолжетімділігін кеңейту және сапасын арттыру, сондай-ақ, өзге байланыс операторларымен бірлесіп жұмыс істеу бағыттарын дамыту жөнінде бірқатар міндет жүктеді. 

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін коронавирус пандемиясының екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды коронавирусқа қарсы вакцинамен қамтамасыз етудің маңызды екенін айтқан болатын.

Мемлекет басшысы, сонымен қатар, вакцинаның отандық өндірісі дұрыс жолға қойылып, қазақстандық ғалымдардың зерттеулері сәтті болады деген сенім білдірді.

"Министрлердің бірі, білім және ғылым министрі бұл вакцинаны өзіне салғанын білемін. Мен барлығы дұрыс болатынына сенемін", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878645-prezident-kazaktelekom-bassysyna-internet-sapasyn-arttyrudy-tapsyrdy.html