Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматының кіре берістеріне эко-посттар орнатылады

Опубликовано:

Алматы
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматыға кіре берістерде эко-посттар орнатыла бастады, бұл туралы қалалық жасыл экономика бөлімінің басшысы Наталья Ливинская онлайн брифинг барысында айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ливинская жалпы қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту бойынша жұмыстар қалай жүргізіліп жатқанын айтты.

"Біз БҰҰ орнатқан 6 затқа арналған 10 автоматтандырылған ауа сапасы датчигін орнаттық, сонымен қатар Қазгидромет жүйесіне қосылып, оған Павел Александровтың тағы 10 датчигын қостық.

Ол қала бойынша 49 LED-экранда таратылады, негізінен олар қала ішіндегі орталық магистральдарда орнатылған. Барлық 6 зат 2-3 минут аралығымен көрсетілген. Жасыл түс жағдайдың жақсы екенін, қызғылт сары - қауіптіліктің орташа деңгейі, қызыл - бәрі қауіпті болған кезде көрсетеді, - деді Ливинская.

Сонымен қатар, қаланың периметрі бойынша автомобильден бөлінген газдарды өлшейтін эко-посттар орнатылған. Қаланың кіреберістеріне ауаның нашарлап бара жатқанын түсіну үшін сенсорлары орнатылады, деді ол.

Сондай-ақ, дизель мен бензинді отын ретінде пайдаланатын коммуналды техникаларды сатып алуға тыйым салынды, деп қорытындылады Ливинская.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысының Жітіқара ауданындағы "Желқуар" шекаралық комендатурасында санитарлық бекет қойылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878646-almatyny-kire-beristerine-eko-posttar-ornatylady/

pixel