RU

Жээнбековтің баспасөз хатшысы оның отставкаға кетуге ниеті жоқ екенін мәлімдеді

Сооронбай Жээнбеков 456
Сооронбай Жээнбеков. Фото: РИА Новости / Екатерина Штукина

Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы оның отставкаға кетуді жоспарламайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтің баспасөз хатшысы Толгонай Стамалиева оның отставкаға кету мүмкіндігіне байланысты РИА Новости басылымына пікір білдірді.

Стамалиеваның айтуынша, қазір мемлекет басшысының отставкаға кетуі туралы мәселе көтерілмеген. Сондай-ақ ол президенттің ел премьер-министрі Кубатбек Бороновтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдамағанын атап өтті.

Айта кетсек, қырғызстандық сарапшылар Сооронбай Жээнбеков өз еркімен отставкаға кетуі керек деп есептейді. Олай болмаған жағдайда Жогаргу Кенеш мүшелерінің кем дегенде 80 дауысымен легитимді президентке импичмент жариялануы мүмкін.

Кейірірек Қырғызстан депуттарының президентке импичмент жариялау туралы бастама көтергені хабарланды. Алайда олар толықтай дауыс жинай алмаған.

Сондай-ақ 8 қазанда Қырғызстандағы Ош қаласының орталығында президент Сооронбай Жээнбековті қолдауға арналған митинг өткенін хабарлағанбыз.

Іс-шара қатысушылары бейбіт митинг өткізіп жатқандарын мәлімдеді. Олардың қолдарында "Заңды президент Сооронбай Жээнбеков!", "Бізге тұрақтылық пен заңдылық қажет!", "Мемлекет заңды жолға оралсын!", деген плакаттарды көруге болады.

Алдын ала деректер бойынша, қаланың орталық алаңына 400-ге жуық адам жиналған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878661-zeenbekovti-baspasz-hatsysy-ony-otstavkaga-ketuge-nieti-zok-ekenin-mlimdedi.html