RU

MTV ерекше сұранысқа ие болған Димаш Құдайбергенді тағы да көрсететін болды

Димаш Құдайберген
Фото: Gettty Images/ Artyom Geodakyan / Contributor

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев MTV Димаш Құдайбергенді тағы да көрсететінін айтып, қуанышты жаңалықпен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев Instagram-дағы жеке парақшасына жазба жариялаған. Онда Айтбаев MTV-де ұлының бейнебаянының тұсаукесері сәтті өткенін мәлімдеді. Ол Димаштың тікелей эфирге шығатынын айтуда.

Димаш дауыс беру нәтижелері бойынша кештің ең сұранысқа ие бес әншісінің қатарына кірген екен.

«Біз осы жұма, 9 қазанда, Димаш YouTube-тегі MTV ресми арнасының тікелей эфиріне шығатынын қуана хабарлаймыз!» - деп жазды ол.

Қанат өз ұлына құттықтауларын жаудырып, Димаштың жанкүйерлеріне алғысын білдірді.

Еске салайық, Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» әніне қазақша бейнебаяны MTV USA телеарнасында шыққан болатын. Димаш АҚШ-тағы MTV телеарнасында қазақ тілінде ән айтқан алғашқы қазақстандық атанған.

Сонымен қатар, Димаш Джеки Чанның жаңа фильміне арналған саундтректі орындаған еді.

Сол арада, Димаш Құдайбергенмен бірнеше жыл бойы етене жұмыс істеген Алпамыс Шәрімов айырылмас досымен жолдары не себепті екіге бөлініп кеткенін айтқан болатын.

Одан бөлек, жақында Димаш Құдайберген өз желі парақшасында қайырымдылық шарасына қосылатынын айтып, табынушыларынан көмек сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878677-mtv-erekse-sranyska-ie-bolgan-dimas-kdajbergendi-tagy-da-krsetetin-boldy.html