RU

"Қолын пышақпен тілген": Оралда 86 жастағы зейнеткерді қарақшылар тонап кетті

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

Оралда 86 жастағы зейнеткер қарақшылар шабуылының құрбаны болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бетперде киген екі қылмыскер Щапово ауылында тұратын зейнеткердің үйіне түнгісін бағалы заттарын ұрлау мақсатында кірген.

Қарақшылар ауыл тұрғынын скотчпен байлап қана қоймай, қолын да кесіп тастады, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Жәбірленуші Анна Масьянова көз алдында өткен сұмдық жағдай туралы баяндап берді.

Сол күні түнгісін зейнеткер ұйықтап жатқанда әлдекімдердің дауысынан оянған. Артынан үйге масқа таққан екі қарақшы кіріпті. Ер адамдар қарт әйелдің жасын құрметтеместен, пышақтарын көрсетіп, ақша талап еткен.

Абдырап қалған зейнеткер бар ақшасын беретінін білдіріп, өзіне қастандық жасамауын сұраған. Нәтижесінде қарақшылар 300 мың теңге, ұялы телефон, жүннен жасалған қолғаптар мен шұлықтарды алып кеткен. Олар үйден шығатынның алдында қарияның қолдарын скотчпен байлауды ұмытпапты.

Қиындықпен өзін әрең босатқан зейнеткер көршілеріне жетіп, полиция қызметкерлерін шақыртқан.

Жәбірленушінің ұлы Александр Масьянов қарақшылар біреудің "кеңесімен" қылмысқа баратын адамдар болуы мүмкін деп санайды. Ер адам бұндай тонау олардың ауылында бұрын-соңды болмағанын атап өтті.

Ал Бәйтерек аудандық полиция бөлімінің басшысы Сұлтан Шалдарбековтың айтуынша, осы факті бойынша 192-баптың 2-бөлігі "Қарақшылық" бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Ол тергеу жұмыстары жүріп жатқанын және мобильді топ құрылғанын жеткізді. Оның құрамында криминалдық полиция бөлімі мен Бәйтерек ауданының полиция қызметкерлері бар.

Қылмыскерлерді іздеу жұмыстары бір аптадан астам уақытта созылыпты. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, Нұр-Сұлтанда өзін ер адам деп таныстырып, адамдардың ұялы телефонын қолды қылған алаяқ ұсталған еді.

Сондай-ақ, айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда 45 жастағы қала тұрғынының 15 мың теңгесін қолды қылған 24 жастағы жігіт жайлы жазған едік.

Сонымен қатар, Петропавлда 80 жастағы зейнеткерді тонады деген күдікпен ер адамның ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878679-kolyn-pysakpen-tilgen-oralda-86-zastagy-zejnetkerdi-karaksylar-tonap-ketti.html