Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тағы 107 адамнан коронавирус анықталды

Опубликовано:

карантин
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 107 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 108 561-ге жетіп отыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 107 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 17

Алматы қаласы - 11

Шымкент қаласы - 3

Ақмола облысы - 4

Ақтөбе облысы - 1

Алматы облысы - 3

Атырау облысы - 8

Шығыс Қазақстан облысы - 16

Жамбыл облысы - 2

Батыс Қазақстан облысы - 3

Қарағанды облысы - 6

Қостанай облысы - 3

Маңғыстау облысы - 3

Павлодар облысы - 9

Солтүстік Қазақстан облысы - 14

Түркістан облысы - 4.

Сонымен қатар, 154 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Осылайша, Қазақстанда жазылғандар саны 103 758 болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы таралуын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, бүгіннен бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтілмек.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпараттар да таралып жатыр. Мәселен, желідегі аудиохабарламада Нұр-Сұлтан қаласы 15 қазаннан бастап карантинге жабылатыны және қала маңына блок-бекеттер қойылатыны айтылған.

Кейінірек, ДСМ ТКҚСҚБК WhatsApp қолданушылары арасында кеңінен тараған аудиожазба жалған екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878683-kazakstanda-tagy-107-adamnan-koronavirus-anyktaldy/

pixel