RU

Коронавирус: Солтүстік Қазақстан облысындағы қала карантинге жабылды

блок-бекет 65468
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Бүгіннен бастап Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласында қатаң шектеу шаралармен қатар, кіруге және шығуға тыйым салынған карантин енгізілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Sputnik Қазақстан агенттігінің мәліметінше, тиісті жарлыққа облыстың бас санитар дәрігері қол қойған. Шектеу 9 қазан күні сағат 00:00-де жұмыс істей бастады.

"Булаев және Мағжан Жұмабаев ауданының басқа ауылдары, сондай-ақ Петропавл арасында ресми, бейресми тасымалдаушылармен жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады", - делінген қаулыда.

Одан бөлек, қала тұрғындарының үйлерінен шығуы түнгі сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін (жұмысқа шығу және медициналық көмек алуды қоспағанда) шектелгені туралы айтылды.

Қалған уақытта оларға жұмысқа, дүкенге, дәріханаға баруға және қоқысты шығаруға рұқсат етіледі.

65 жастан асқан адамдарға өзін-өзі оқшау режимін сақтау ұсынылып, кәмелет жасына толмағандарға 19 сағаттан кейін ересектерсіз жүруге шектеу қойылды.

Сондай-ақ қонақ шақыруға тыйым салынған.

Жерлеу шараларын өткізу кезінде 30 адамнан аспау міндеттілді.

Айта кетейік, Булаев қаласы Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан. Онда Оңтүстік Орал теміржолына жататын теміржол вокзалы бар.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің қатысуымен өткен коронавирустың екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте елімізде локдаунның қашан енгізілуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878693-soltstik-kazakstan-oblysyndagy-kala-koronavirus-saldarynan-karantinge-zabyldy.html