RU

АҚШ доллардың орнын басатын жаңа валюта дайындауда

Доллар
Көрнекі фото: pixabay.com

АҚШ коронавирустың негізгі "тасымалдаушысы" танылатын қағаз долларды алмастыратын қауіпсіз валюта дайындауда. Бұл туралы америкалық журналист Билл Сарди мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Журналистің айтуынша, Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк коронавирустық пандемия жағдайында қағаз ақшаларға тыйым салып, жаһандық сандық валюта енгізуді талап етуі мүмкін.

"Біз қазірдің өзінде бөлшек саудагерлер COVID-19-дың тасымалдаушысы ретінде қағаз ақшадан аулақ болып жатқанын көріп отырмыз. Алдын ала сылтау ретінде ойластырылған "тиындар жетіспеушілігіне" байланысты тұрғындар тиындарын банктерге апаруы тиіс. Қазір АҚШ валютасы мен тиындарынан бас тарту жүріп жатыр. Бұл ойдан шығарылған оқиға немесе қастандық теориясы емес", – деп  жазады Сарди.

АҚШ Қаржы министрлігі өздерінің сандық валютасын енгізуді талқылауда. Бұл үкіметке салық түрінде 500 млрд доллар жинауға мүмкіндік береді. Ал ақшаны басып шығаруға жұмсалатын жыл сайынғы шығындардың 700 млн долларын үнемдейді.

Бұл ретте адамдар банкноттарды сандық ақшамен ауыстырып, олардан бас тартуға мәжбүр болады. Қағаз доллар банктерде 80 цент сандық ақшаны қабылдауы мүмкін. Бәрінен бұрын бұл дағдарыс қолма-қол ақшамен сауда жасайтын және көбінесе банктік шоттары жоқ шағын кәсіпкерлерге әсер етеді. Банкноттардан бас тартудың тағы бір нұсқасы – оларды күміске ауыстыру. Платина мен палладий де жақсы балама бола алады.

Айта кетейік, осыған дейін Ұлттық банк доллардың неліктен қайта қымбаттағанын түсіндіріп берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878714-aks-dollardy-ornyn-basatyn-zaa-valuta-dajyndauda.html