Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейде дәретханаға түсіп кеткен телефонын алмақ болған адам шұңқырға құлады

Опубликовано:

Ұялы телефон
Фото: pixabay.com

Семей қаласында шұңқырға құлаған азамат құтқарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 8 қазан күні сағат 9.55-те "112" нөміріне қоңырау шалған ер адам кәріз құдығына түсіп кеткенін айтқан.

Құтқарушылар көмек көрсету үшін бірден сол жерге аттанды.

"Оқиға орнына жеткен құтқарушылар сағат 10.13-те Семей тұрғынын шұңқырдан алып шықты. Қазіргі уақытта оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ер адам ауыр жарақат алмаған", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Белгілі болғандай, азамат қиын жағдайға дәретханаға түсіп кеткен ұялы телефонын алып шығуға әрекеттенген кезде тап болған. Осы ретте ТЖД жұртшылыққа қандай жағдай болмасын қауіпсіздік шараларын естен шығармау керегін еске салады.

Айта кетейік, осыған дейін WhatsApp мессенджерінде өшірілген хаттарды оқуға болатынын жариялаған едік.

Бұл туралы мәскеулік "Синергия" қаржы-өндірістік университетінің ақпараттық технологиялар институты директорының орынбасары Антон Аверин мәлім етті.

"Өшірілген хаттарды қалпына келтіретін бағдарламалардың басым бөлігін тек Android операциялық жүйесіне орнатуға болады. Жойылған хаттарды оқуға мүмкіндік беретін танымал бағдарламалардың бірі – Notif log notification history", – деп атап өткен еді маман.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1878717-semejde-drethanaga-tsip-ketken-telefonyn-almak-bolgan-adam-skyrga-klady/

pixel