RU

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

Аурухана 1
Көрнекі фото: pixabay.com

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан болған өлім-жітім туралы жаңартылған мәліметтерді жариялады. Өткен тәулікте КВИ диагнозы қойылған 3 қазақстандық қайтыс болды. Коронавирус белгілері бар пневмония екі адамның өмірін жалмады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

8 қазанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 241 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелген. Оған қоса 25 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы 34 384 адам ауырса, оның 364-і қайтыс болған, ал 27 597 науқас жазылып шыққан.

Ал коронавирус инфекциясынан өткен тәулікте 3 науқас көз жұмды, 107 адамнан қауіпті дерт анықталды.

Сонымен қатар, 154 адам COVID-19-дан емделіп шықты. Осылайша, Қазақстанда жазылғандар саны 103 758 болды.

Еске сала кетсек, осыған дейін еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы таралуын алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы қаулысы шықты.

Қаулыға сәйкес, бүгіннен бастап жолаушылар тасымалындағы тәртіптер өзгеріп, карантиндік талаптар күшейтілмек.

Сондай-ақ, әлеуметтік желілер арқылы жалған ақпараттар да таралып жатыр. Мәселен, желідегі аудиохабарламада Нұр-Сұлтан қаласы 15 қазаннан бастап карантинге жабылатыны және қала маңына блок-бекеттер қойылатыны айтылған.

Кейінірек, ДСМ ТКҚСҚБК WhatsApp қолданушылары арасында кеңінен тараған аудиожазба жалған екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878727-tken-tulikte-koronavirus-pen-pnevmoniadan-bes-adam-kajtys-boldy.html