Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

АҚШ коронавирусқа қарсы вакцина жасаған Ресейді не үшін айыптап отыр

Опубликовано:

Ресей вакцинасы
Көрнекі фото: Anadolu Agency via Getty Images

АҚШ-тың Қауіпсіздік және қарсы барлау ұлттық орталығының директоры Уильям Эванина Американың коронавирусқа қарсы вакцина алуына Ресей, Қытай және Иран кедергі келтіріп отыр деп айыптауда деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Үш ойыншы - Қытай, Ресей және Иран біздің вакцина алуымызға кедергі келтіріп отыр деп айтар едім", - деді Уильям Эванина Hearst телекомпаниясына берген сұхбатында.

Осы ретте Эванина Ресейдің COVID-19-ға қарсы вакцинасын әлемдік нарыққа шығара алатындығына күмәнданып, АҚШ жасайтын кез-келген вакцинаны Мәскеу, Пекин және Тегеран ұрлауға тырысып жатқанын айтты.

Қарсы барлау орталығының басшысы бұл мәлімдемесінің қандай негізге сүйенгенін ашып айтпаған.

Айта кетсек, АҚШ-та Moderna, Pfizer және AstraZeneca компаниялары жасаған бірнеше препарат клиникалық сынақтардан өтіп жатыр.

Еске сала кетсек, АҚШ басшысы Дональд Трамп коронавирустың таралғаны үшін Қытай жауап береді деген мәдімдеме жасаған болатын.

"Бұл сіздердің кінәларыңыз емес, болған жағдайға Қытай кінәлі. Қытай біздің елге және әлемге жасаған ісі үшін жауап беретін болады", – деп мәлімдеді Трамп Twitter желісінде жариялаған бейнеүндеуінде.

Сондай-ақ, америкалық көшбасшысы мен оның әйелінің коронавирус жұқтырып алғаны хабарланған еді.

Трамп дүйсенбі күні коронавирустан емделіп жатқан Уолтер Рид ұлттық әскери-медициналық орталығынан Ақ үйге оралды.

Ақ үйдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы өзін "өте жақсы" сезінетінін айтқан.

Кейінірек Дональд Трамп Ақ үйге кіргеннен соң денсаулығы жайлы баяндап, видео-хабарлама жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878746-aks-koronaviruska-karsy-vakcina-zasagan-resejdi-ne-sin-ajyptap-otyr/

pixel