Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түкіре салады": Белгілі журналист "заказной" пост жазатын блогерлерді сынға алды

Опубликовано:

Ерболат Мұхамеджан
Фото: Facebook/Ерболат Мұхамеджан

Белгілі журналист әрі экс-тележүргізуші Ерболат Мұхамеджан "заказной" пост жазатын отандық блогерлерге кеңесін айтты. Қазіргі таңда елордадағы КазГЮУ университетінде лауазымды қызмет атқаратын ол "желі жұлдыздарын" ақшаға емес, абырой үшін жұмыс істеуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Бұл туралы Ерболат Мұхамеджан Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Соңғы уақытта, бірнеше араласатын блогерлердің әрекеттеріне қарап, таң қалып жүрмін. "Заказной" пост жазатын блогерлерді ешқашан түсінбеймін. Құрығанда анализ жаса, бірінші өзің зерттеп ал.

Ақша төледі деп, принципке сай келмейтін материалды жариялай салады. Нәтижесінде аудиториясына былай айтқан кезде "түкіре" салады. Блогерлерге деген сенім қалыптасу үшін, аудиториясының алдында шынайы болуы керек. Олар алдағы уақытта "әділдік, принцип, намыс" деген сияқты сөздерді айтпайды деген үміттемін.

Блогерлерге тапсырыс беретін, арнайы қаражат бөлетін мемлекеттік органдардың тізімін ашық жариялау керек. Кезінде, министрлікте ең қарсы шыққан позициямның бірі, блогерлерге қаражат беру болатын.

Қазақта жақсы бір сөз бар, "Шөлмек мың күн сынбайды, Бір күн сынады", - деп сөзін қорытындылады ол.

Естеріңізге сала кетейік, білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің кеңесшісі болған Ерболат Мұхамеджан қызметінен кеткенін жазған едік.

Сонымен қатар, журналист желідегі парақшасында мәслихат немесе мәжіліс депутаттарының заңи, құқықтық білімі болуы туралы мәселені көтерген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878766-tkire-salady-belgili-zurnalist-zakaznoj-post-zazatyn-blogerlerdi-synga-aldy/

pixel