Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Әділгерей: Мен өзімді биліктің "жезөкшесі" деп айта алмаймын

Опубликовано:

Қайрат Әділгерей
Фото: Видеодан кадр

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей биліктегілерді насихаттап, олардың қасынан шықпай жүретін өнер өкілдеріне қатысты пікір білдірді. Ол журналист Аман Тасығанның бұл тақырып аясында төтесінен қойылған сұрағына жауап беріп, өзінің аталмыш салада "жезөкше" емес екенін кесіп айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Аман Тасыған өзінің "TalkLike" жобасының кезекті шығарылымына қонақ ретінде Қайрат Әділгерейді шақырып, бірден өткір тақырыптарды қозғады.

Отандық журналист әйгілі адмирал Александр Колчактың айтқан сөзін мысалға келтіріп, оған қатысты қазақстандық әзілкештің не ойлайтынын сұрады.

"Актерлер мен жезөкшелерге сөз жоқ. Олар қай уақытта да, саясаттың сойылын соғады. Кім үстемдік етеді, соның қасында жүреді" , - деген болатын Колчак.

Қайрат Әділгерей адмиралдың айтқанымен келісетінін алға тартты. Оның сөзінше, биліктегілер танымал тұлғаларды аудиториясы үшін тартады. Алайда, актер өзін билік өкілдерінің қасында жүретін "жезөкшелер" қатарына қоса алмайтынын айтты.

"Болашақта біреудің насихатшысы боламын ба? Жоқ па? Білмеймін. Оны уақыт көрсете жатар. Мен қазір саясатта емеспін. Бірақ, қарап, саралап өз бағасын бере аламын. Ал адмиралдың айтқанына келетін болсақ, ол бұрыннан келе жатқан зат. Ол солай қала бермек, қалыптаса бермек. Биліктегілер не себепті әртістерді, спортшыларды қасына тартады? Себебі, олардың үлкен аудиториясы бар. Қазір инстаграммен қарайтын болса, бір Мейрамбек ағаның өзінде үш жарым миллион бар, Тұрсынбекте бір жарым адам бар дегендей" , - деді әзілкеш.

Аман Тасыған одан кейін актерден "өзіңізді "проституткалар" қатарына қоса аласыз ба?" деп нақтылап сұрады.

"Енді мен өзімді проститутка деп айта алмаймын. Мен актермін. Мамандығым - актер. Оқыған, тоқыған адаммын. Азаматтық позициям бар" , - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1878768-kajrat-dilgerej-men-zimdi-bilikti-zezksesi-dep-ajta-almajmyn/

pixel