Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дисней кейіпкерлерінің шынайы өмірдегі келбеті қандай

Опубликовано:

Дисней
Фото: toyboyfan

АҚШ колледжінде оқитын жігіт Дисней кейіпкерлерінің шынайы өмірдегі келбетін жасап шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы vinegred.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінде Дисней мультфильмдерін ұнатпайтын адам кемде-кем. Балалық шағыңыздың маңызды бөлігіне айналған шытырман оқиғаларға толы мультфильмдердің басты кейіпкерлері шынайы өмірде қандай болар еді?

Эльза
Эльза. Фото: toyboyfan

Бұл сұрақ мультфильмсүйер қауымға қызықты болатынын түсінген желі қолданушысы өз нұсқасын ұсынды. Toyboyfan есімімен Instagram желісіне тіркелген азамат Дисней кейіпкерлерінің шынайы өмірдегі келбетін жасауға тырысқан.

Кристофф
Кристофф. Фото: toyboyfan

Ол "Шынайы өмірде" атты жобасын құру арқылы Дисней кейіпкерлерінің гиперреалистік портреттерін жасап, әлем назарына іліккен.

Анна
Анна. Фото: toyboyfan

"Әдетте Дисней кейіпкерінің суретінен және таңдалған кейіпкерге ұқсайтын нақты адамның фотосуретінен бастаймын, содан кейін мен осы кадрларды бағдарлама көмегімен біріктіремін. Артынша, фотошоппен әрлеймін", - деп құпиясымен бөлісті суретші.

Моана
Фото: toyboyfan

Ол - графикалық дизайнер мамандығы бойынша оқитын АҚШ колледжінің студенті екен. Жігіт неліктен Диснейді туындыларына арқау еткенін түсіндірді:

Ганс
Ганс. Фото: toyboyfan

"Мен Дисней кейіпкерлерінің әртүрлі нұсқаларын өмірде көргендіктен, олардың өзіндік нұсқасын жасауға тырысқым келді», - дейді ол.

Бэль
Бэль. Фото: toyboyfan

Ал сіз оның туындылары туралы не ойлайсыз? Суреттегі адамдар Дисней кейіпкерлеріне расымен ұқсайды деп ойлайсыз ба?

Ариэль
Ариэль. Фото: toyboyfan

Идуна патшайым
Идуна патшайым. Фото: toyboyfan

Рапунцель
Рапунцель. Фото: toyboyfan

Покахонтас
Покахонтас. Фото: toyboyfan

Еске салсақ, бұған дейін біз ат құлағында ойнайтын отандық каскадерлар Диснейдің "Мулан" фильмінде бой көрсеткенін жазған едік.

Одан бөлек, Дисней десе ішкен асын жерге қоятын отбасы үйін ертегі әлеміне айналдырғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1878769-disnej-kejipkerlerini-synajy-mirdegi-kelbeti-kandaj/

pixel