RU

Жээнбеков Қырғызстан үкіметі мен премьер-министрін отставкаға жіберді

Сооронбай Жээнбекова
Фото: 24.kg

Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков үкімет пен премьер-министр Кубатбек Бороновты отставкаға жіберу туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қырғызстан басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, тоғызыншы қазаннан бастап, қырғызстандық үкіметті осы жылдың маусым айынан бері басқарып келе жатқан Кубатбек Бороновты отставкаға жіберу шешімі қабылданды.

Осы қаулы жүзінде Қырғыз Республикасының үкіметі де таратылды деп есептелінеді.

"Қаулыға сәйкес, премьер-министр, бірінші вице-премьер-министр, вице-премьер-министрлер, үкімет мүшелері Қырғызстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы жасақталмайынша өз қызметтерінде уақытша атқарушы ретінде жұмысын жалғастырады" , - делінген құжатта.

Қаулы қол қойылған сәттен бастап, заңдық күшіне енеді.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан басшысы Сооронбай Жээнбеков қандай жағдайда президенттіктен кетуге дайын екенін айтты.

Президенттің баспасөз хатшысы болса өз кезегінде Жээнбековтың отставкаға кетуге ниеті жоқ екенін жеткізді.

Сонымен қатар, БАҚ беттерінде Сооронбай Жээнбековтың жоғалып кеткені туралы ақпарат тарап кеткен болатын. Қырғызстанның өзін-өзі тағайындаған ішкі істер министрі Курсан Асанов президент Сооронбай Жээнбековтің қазір қайда екенінен бейхабар болып шықты.

Алайда, кейнірек Жээнбековтың қайда екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878781-zeenbekov-kyrgyzstan-kimeti-men-premer-ministrin-otstavkaga-ziberdi.html