RU

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін қадағалау күшейтіледі

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін сақтауды бақылау мен мониторинг бойынша шаралар күшейтіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елордалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдікте қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің төрағалығымен COVID-19-дың екінші толқынына дайындық және мобильді топтар жұмысы талқыланды.

Президенттің коронавирустың екінші толқынына дайындық туралы тапсырмасы аясында елордада карантин шараларының сақталуына мониторинг және бақылау жөніндегі шараларды күшейту туралы тапсырма берілген.

Әкімдіктің хабарлауынша, ойын-сауық мекемелері, кафелер мен мейрамханалар, караоке мен барлар, сауда орталықтары мен базарлар ережелерді жиі бұзады.

Осы орайда Бақтияр Мәкен мобильді топтарға жұмысын күшейтуді және кәсіпкерлік субъектілерге күнделікті күндізгі және түнгі рейдтер жүргізуді, карантинді бұзушыларды жауапкершілікке тартуды тапсырған.

"Сонымен қатар, COVID-19 екінші толқыны болған жағдайда дәрі-дәрмек жетіспеушілігі мен дәріханаларда бағаның өсуіне жол бермеу қажет. Жауаптылар дәрі бағасын қатаң бақылауға алуы керек. Басқа елдерден келетіндер үшін міндетті ПТР-тестілеу қажет", – дейді елорда әкімінің орынбасары.

Айта кетсек, маска тағу тәртібін сақтамаған азаматтарға да шара қолданылатын болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанға келетін жолаушыларға жаңа талаптар енгізілгенін хабарлаған едік.

Сонымен бірге, шекара қызметі Қазақстан шекарасынан кімдердің өте алатынын айтып берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878794-nr-sltanda-karantin-trtibin-kadagalau-ksejtiledi.html