RU

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 7 миллионға жуықтады

Тәжвирус
Көрнекі фото: centralasia.media

Үндістанда коронавирус жұқтырғандар саны 7 миллионға жуықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ centralasia.media сайтына сілтеме жасап.

Үндістанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 70,4 дерегі тіркелген. Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау мен жанұя амандығы министрлігі мәлімдеді.

Бір тәулікте елде коронавирусқа 1,1 млн адам тест тапсырған, 5,9 млн адам жазылып шыққан. Олардың ішінде соңғы тәулікте 78 мың адам дертті еңсерген.

Айта кетейік, Үндістан науқастар саны бойынша АҚШ-тан кейінгі екінші орында тұр. Пандемияның басталғалы бері елде 6 906 151 мың адамнан коронавирус анықталған. 106 490 адам аурудан қайтыс болған. Оның ішінде соңғы тәулікте көз жұмғандар саны- 964.

Ал еліміздегі жағдайға келсек, өткен тәулікте 107 адамнан COVID-19 анықталған. 154 науқас жазылып шыққан, 3 адам қайтыс болған.

Сонымен қатар бұған дейін Иранда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны рекордтық көрсеткішке жеткенін хабарлаған едік.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сима Садат Лари мәлімдеген болатын. Жалпы Иранда наурыздың аяғында-сәуірдің басында COVID-19 инфекциясының алғашқы толқыны өткен. Дегенмен мамырдан кейін жағдай нашарлай бастаған.

Сондай-ақ Чехияда COVID-19 бойынша жаңа анти-рекорд тіркелгенін де жазған болатынбыз. Белгілі болғандай COVID-19 инфекцияcын жұқтырудың жаңа көрсеткіші алдыңғы анти-рекордтан 700-ге өскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878798-ndistanda-koronavirus-zktyrgandar-sany-7-millionga-zuyktady.html