RU

"Маған билік керек емес": Атамбаев мәлімдеме жасады (видео)

Атамбаев мәлімдеме
Фото: Sputnik / Табылды Кадырбеков

Бішкектегі "Форум" ғимаратында елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты қолдау митингісі өтті. Саясаткердің өзі де жақтастарының алдына шықты. Көпшілік алдында сөз сөйлеген ол билікке мұқтаж емес екенін айтты KAZ.NUR.KZ.

Акция қатысушыларына Алмазбек Атамбаевтан бөлек бұрынғы премьер-министрлер Сапар Исаков пен Омурбек Бабанов та қосылған деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанның Telegram арнасы.

Олар жиналғандардың алдында сөз сөйлеп, барлығы орталық алаңға қарай бет алған.

Айта кетейік, көпшілік алдында сөйлеген Алмазбек Атамбаев билікке мұқтаж емес екенін айтып, өзгелермен бірге орталық алаңға бет алған 24.kg.

"Мен билікті бейбіт жолмен берудің прецедентін әдейі жасадым. Атамбаевқа билік керек емес. Барлық жастар, сіздердің барлығыңыз маған балам сияқтысыздар. Мен 2010 жылы да уақытша үкіметке қарсы шықтым, өйткені заңсыздық болмауы керек", - деді ол.

Сонымен бірге саясаткер өзінің "ақша таратпайтынын" айтты.

"Мен түрмеден енді ғана шықтым. Менің әйелім Раяның барлық шоттары бұғатталған. Менің Раям 500 сомнан қарызға алып жүрген", - дейді Қырғызстанның экс-президенті.

Sputnik Қырғызстан оқиға орнынан тікелей эфир жүргізді.

Айта кетсек, Қырғызстанның орталық сайлау комитеті 6 қарашада жаңадан сайлау өткізетіні белгілі болды. Бұл туралы ОСК ресми сайтында хабарланған.

Ал халықтың наразылығын тудырған сайлау нәтижесі жарамсыз деп танылды.

Естеріңізге сала кетейік, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған көңілі толмаған тұрғындар 5 қазанда наразылық шеруіне шыққан. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Наразы халық Бішкектегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратына кіріп, елдің бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторындағы қамаудан шығарып алды.

Кейінірек, қамаудан босатылған экс-президент жақтастарымен кездесуді жоспарлап отырғаны хабарланды.

Бұрынғы мемлекет басшысы күндізгі сағат 2-де сөз сөйлеу керек болған. Алайда ол митингке келмеді. Ақыр соңына Атамбаев жақтастарының шеруі жанжалмен аяқталған еді.

Артынша, оның адвокаты экс-президенттің үй қамаққа алынғаны туралы ресми құжатты жариялады.

Сонымен қатар Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан басшылары Қырғызстандағы ахуалға байланысты бірлескен мәлімдеме жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878822-magan-bilik-kerek-emes-atambaev-mlimdeme-zasady-video.html