RU

Вирсуолог коронавирус пен адамзаттың бір-біріне қашан үйренісіп кететінін айтып берді

Тәжвирус1
Көрнекі фото: piqsels.com

Ресей вирсуологы бірте-бірте адамдар коронавирусқа үйренеді деген сенімде. Алайда маманның сөзінше, оған бірнеше жыл қажет болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Медицина ғылымдарының докторы Анатолий Альтштейн РИА Новостиге берген сұхбатында уақыт өте келе SARS-CoV-2 вирусы өзінің патогендігін төмендетіп, бәсеңдейтінін мәлімдеді.

Ал адамдарда бірнеше жылдан кейін ұжымдық иммунитет пайда болады. Осылайша, коронавирус пен адамзат бір-біріне бейімделеді екен.

"Нәтижесінде біз бір-бірімізге бейімделеміз және одан (ред. коронавирустан) осындай жоғары пайызда өлім тіркелмейтін болады. Біз онымен бірге өмір сүреміз. Бірақ бұл процесс өте ұзаққа созылады. Бұл бірнеше апта емес, бірнеше ай емес, бір-үш жылды қажет етуі мүмкін", - дейді сарапшы.

Айта кетейік, бұған дейін америкалық ғалымдар зерттеу жұмысын жүргізе келе коронавирус жұқтырған науқастарда пайда болатын жаңа синдромды анықтағаныны хабарлаған едік.

Зерттеу жұмысы авторларының бірі әрі Чикагодағы Солтүстік-Батыс мемориалды ауруханасының нейроинфекциялық аурулар және жаһандық неврология бөлімінің меңгерушісі Игорь Коральник коронавиру жұқтырған 10 науқастың сегізінде энцефалопатияны қоса неврологиялық симптомдар байқалатынын айтады.

Сондай-ақ, АҚШ-тың Рочестер университеті маусымдық суық тиюдің коронавирусқа қарсы тұра алатынын анықтаған болатын.

Коронавирустан жазылған 26 науқастың қан үлгілерін зерттей отырып, ғалымдар олардың көпшілігінен SARS-CoV-2-ті бейтараптандыратын В жасушаларының жиынтығы бар екенін байқаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878824-virsuolog-koronavirus-pen-adamzatty-bir-birine-kasan-jrenisip-ketetinin-ajtyp-berdi.html