RU

Омурбек Бабановты төрт партия премьер лауазымына ұсынды

Бабановты ұсынды
Фото: 24.kg

Төрт партия Омурбек Бабановты премьер лауазымына, ал Тилек Токтогазиевті вице-премьер қызметіне ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ 24.kg сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Республика", "Ата Мекен", "Бир Бол" және "Реформа" партиялары "Акыркы умут" меморандумына қол қойды.

"Біз жан - жағымызда тұрақсыз жағдай орнағанын көріп отырмыз. Сондықтан, бәріміз ресми түрде біріктік. Меморандумға партия лидерлері қол қойды", - дейді Тилек Токтогазиев.

Еске сала кетейік, Өмірбек Бабанов 2017 жылы президент сайлауына түсіп, екінші орын алған болатын. Біршама уақыттан кейін ол елден қоныс аударып, саясаттан кететінін мәлімдеді.

Кейін Қырғызстанның Экономикалық қылмыстармен күрес бойынша мемлекеттік қызметі Өмірбек Бабановты жауап алуға шақырғаны белгілі болды.

Бабанов Қырғызстанға биылғы жылдың 13 ақпанында келмек болған. Алайда, елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оған қарсы қылмыстық істер қозғалғанын еске салды.

Кейіннен саясаткер арандатушылық әрекеттер болуы мүмкін екенін алға тартып, елге оралмауға шешім қабылдағанын айтты. Дегенмен "Республика — Ата Жұрт" фракциясының экс-көшбасшысы Өмірбек Бабанов 9 тамызда Қырғызстанға оралды.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Бішкекте төтенше жағдай енгізілген.

ТЖ режимі қалада 9 қазан кешкі сағат 20.00-ден бастап 21 қазан таңғы 8-ге дейін жарияланған. Мұндай шешім жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде туындаған жағдайларға байланысты қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878828-omurbek-babanovty-trt-partia-premer-lauazymyna-syndy.html