RU

БАҚ: Түркияда қазақстандық әйел үш айлық сәбиін тастап кетті

бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркияның Анталия қаласының тұрғыны үйінің ауласынан үш айлық баланы тауып алған. Анықталғандай, сәбиді анасы, Қазақстан азаматшасы тастап кеткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға туралы түріктің Akdeniz Gerçek басылымы хабарлады.

Кеше, 8 қазан күні шұғыл қызмет көрсету орталығына Анталия тұрғыны хабарласқан. Әйел көпқабатты үйдің бақшасынан 3 айлық баланы тауып алғанын айтқан. Сәби заттарымен бірге арбада жатқан.

Нәресте бірден ауруханаға жеткізілген. Ал құқық қорғау органдары оның әкесін іздеп тапқан.

33 жастағы түрік азаматы ұлының анасымен, яғни 31 жастағы Қазақстан азаматшасымен болғанын айтты.

Сәбидің әкесі әйелі баласын не үшін тастап кеткенін білмейтінін жеткізді.

Сонымен қатар ер адам жұбайының үстінен прокуратураға арыз жазған. Бала әкесіне табысталған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысының Үштөбе қаласында 27 жастағы әйел екі жасар баласын өлтірді деген күдікпен қамауға алынғанын жазған едік.

Бұл қылмыс шілде айынан бастап жиенін көрмеген әпкесінің күдігінен кейін ашылған.

Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбей қойыпты. Бұған іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып, терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың денесін тауып алған.

Кейін қорқынышты жайттың мән-жайы белгілі болды. Күдікті келіншек сегіз жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878833-bak-kazakstandyk-jel-s-ajlyk-sbiin-trkiada-tastap-ketti.html