RU

Ақмола облысында ер адам 42 жастағы әйелді балғамен ұрып өлтірді деп күдіктелуде

Балға
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола полицейлері 42 жастағы Макинск қаласының тұрғынын аяусыз өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды ұстады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық полиция департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

ПД мәліметінше, 9 қазанда Бұланды аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне орталық аудандық ауруханадан хабарлама түскен.

Хабарламада Макинск қаласының 42 жастағы тұрғыны "желке аймағының бас сүйегінің ашық сынуы" диагнозымен ауруханаға жеткізілгенін, алған жарақаттарынан қайтыс болғаны айтылған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні анықтады. Ол 26 жастағы Макинск қаласының тұрғыны болып шықты.

Ер адам бұрын ауыр дене жарақатын салғаны үшін сотталған болып шықты.

Тергеу кезінде күдікті спирттік ішімдік ішу барысында жәбірленушінің басына балғамен соққы жасағаны анықталған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Құық қорғау қызметкенің өкілдері тұрмыстық жанжалдардың көпшілігі алкогольдік ішімдіктерді ішу кезінде болатындығын, мұндай жанжалдар көбінесе қайғылы жағдаймен аяқталатын еске салды. Сондықтан, полиция тұтынылатын алкоголь мөлшерін бақылауға кеңес берді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Павлодар облысы Жаңа ауыл ауылындағы базалардың бірінен 27 жастағы ер адамның денесі табылғанын хабарлаған едік. Бұл іске қатысты күдікті қолға түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878857-akmola-oblysynda-er-adam-42-zastagy-jeldi-balgamen-ryp-ltirdi-dep-kdiktelude.html