RU

Қатаң карантин енгізілсе Нұр-Сұлтанда қандай нысандар жабылуы мүмкін

Тәжвирус1
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтан әкімдігі карантин күшейтілген жағдайда елордада қандай нысандардың жабылуы мүмкін екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әкімдіктің хабарлауынша, қатаң карантин енгізілген жағдайда талаптарға сәйкес келмеген шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері жабылуы ықтимал.

"Мейрамханалар, кафелер, сауда орталықтары және басқа кәсіпкерлік субъектілері мен ШОБ санитарлық нормаларды сақтамаған жағдайда, біз карантинді қайта енгізуге мәжбүр боламыз", – деп хабарлады әкімдік.

Мобильді топтар сауда және ойын-сауық орындарына күнделікті рейдті күшейткен. Елорда тұрғындары мен қонақтары маска тағу ережесін қатаң сақтауы керек.

Айта кетейік, 5 шілдеден бастап карантин тәртібін бұзған елорда тұрғындары мен кәсіпкерлерге жалпы сомасы 128 665 848 теңгеге 587 айыппұл салынған. Оның ішінде жеке тұлғаларға – 12 809 358 теңге мөлшерінде 267 айыппұл, кәсіпкерлік субъектілеріне – 115 856 490 теңге мөлшерінде 320 айыппұл тағайындалған.

Карантинді өрескел бұзушылардың қатарында негізінен тыйым салынғанына қарамастан өз қызметін жүзеге асырған тамақтану орындары, азық-түлік дүкендері, түнгі клубтар иелері бар.

Сонымен қатар 102 фармацевтикалық компанияның қызметіне жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмектерді сатқан және дәрі-дәрмек бағасын асырған 29 фармацевтикалық компания жауапкершілікке тартылып, сотта айыппұл салынған. Айыппұлдың жалпы сомасы 13 864 998 теңгені құрап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Нұр-Сұлтанда карантин тәртібін сақтауды бақылау мен мониторинг бойынша шаралар күшейтілгенін хабарлаған едік.

Сондай-ақ елімізге келетін жолаушыларға да жаңа талаптар енгізілгенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878863-kata-karantin-engizilse-nr-sltanda-kandaj-nysandar-zabyluy-mmkin.html