RU

Атамбаев отырған көлікке шабуыл жасалды (видео)

Атамбаев
Фото: РИА Новости/Владимир Астапкович

Бішкекте, Ала-Тоо алаңында белгісіз біреу тапаншадан көлікке оқ атты. Куәгерлер оқиғаның видеосын жолдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 24.kg ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Агенттіктің мәліметінше, видео кадрынан атылған оқтың дауыстарын естуге болады.

Сонымен қатар адамдардың бірі кетіп бара жатқан қара көлікке оқ атқанын көруге болады.

Куәгерлердің болжамынша, бұл Алмазбек Атамбаевтың көлігі болған.

Агенттікке "Қырғызстанның социал-демократтар" партиясының штабы Фарид Ниязовқа сілтеме жасап, Сапар Исаков пен Алмазбек Атамбаев отырған көлікке оқ атылғанын растаған.

Экс-президентке шабуыл жасалғаны жайлы ақпаратты оның баспасөз хатшысы Құндыз Жолдубаева да растаған. Ол көлікке оқ атылғанын, бірақ Алмазбек Атамбаевтың зардап шекпегенін Facebook парақшасында жазды.

Айта кету керек, 4 қазанда Қырғызстанда парламент сайлауы өтіп, оған көңілі толмаған тұрғындар 5 қазанда наразылық шеруіне шыққан. Оған он мыңдаған адам қатысқан.

Кейін халықтың наразылығын тудырған сайлау нәтижесі жарамсыз деп танылды. Қырғызстанның орталық сайлау комитеті 6 қарашада жаңадан сайлау өткізетіні белгілі болды. Бұл туралы ОСК ресми сайтында хабарланған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін 9 қазанда ел астанасы Бішкекте төтенше жағдай жарияланды.

Мұндай шешім жаппай тәртіпсіздік нәтижесінде туындаған жағдайларға байланысты қабылданған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878864-biskektegi-ala-too-alaynda-belgisiz-bireu-klikke-ok-atty.html