RU

Жел, үсік, дауыл: 10 қазанда еліміздің бес өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Алматы қаласы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Қарағанды және Маңғыстау облыстарында дауылды ескерту жарияланды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометтің ресми сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 10 қазанда Ақмола облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-18 м/с күтіледі.

Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде кей жерлерде 3 градус үсік сақталады.

Шымкент қаласында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік сақталады. Ал Түркістанда күндіз солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Түнде 1-3 градус үсік сақталады.

10 қазан түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде 3 градус үсік сақталады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с сақталады.

Күндіз 10 қазанда Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.

Ақтау қаласында күндізшаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

10 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Еске сала кетсек, Алматы қаласына алғашқы қар жауғанын хабарлаған едік.

Сондай-ақ, ақ ұлпа еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан қаласына да түскенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878873-zel-sik-dauyl-10-kazanda-elimizdi-bes-irine-dauyldy-eskertu-zarialandy.html