RU

Көкшетауда алиментке қарызы бар борышкер әкенің бір бөлмелі пәтері сатылып кетті

пәтер кілт1
Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетауда алиментке қарызы бар ер адамның пәтері 3,6 млн теңгеге сатылып кетті. Алайда борышкердің қарызын өтеу үшін бұл ақша да жетпей қалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облысы жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына сілтеме жасап.

Жеке сот орындаушыларының дерегінше, қалалық өз балаларына он жылдан бері қарыз болып келген. Осыған байланысты оның пәтері сатылымға қойылған.

"Көкшетау қаласындағы бір бөлмелі пәтер 3 660 950 теңгеге кетті. Бұл ақша он жылдан бері жиналып қалған қарызды өтеуге жеткен жоқ", - деді ЖСО өңірлік палатасының жетекшісі Жанар Абылқасымова.

Ер адам бірнеше жылдан бері өз балаларынң бір де бір рет ақша төлемеген. Нәтижесінде оның перзенттері алдындағы қарызы 4 млн теңгеден асып кеткен.

"Ажырасқан сәттен бастап әкесі кәмелетке толмаған екі баласына мүлдем алимент төлемеген. Осы аралықта қарыздың жалпы сомасы 4 миллион теңгеден асып кеткен", - деп түсіндірді Абылқасымова.

Еске сала кетсек, алиментке қарызы бар Екібастұз тұрғыны төрт бөлмелі пәтерінен айрылып қалғанын хабарлаған едік.

Ер адамды жеке сот орындаушы бірнеше рет шақырып, жауапкершілік барын ескерткен. Алайда ол сот шешімін елемей, баласына көмек беруге асықпапты.

Сол себепті жеке сот орындаушы сотқа борышкердің жылжымайтын мүлігін өндіріп алу туралы өтінішпен жүгінген. Оның 4 бөлмелі пәтірен электронды сауда арқылы 4,6 млн теңгеге сатып, 2,2 миллионын аласына, қалғанын әкесінің өзіне берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878874-kksetauda-alimentke-karyzy-bar-borysker-keni-bir-blmeli-pteri-satylyp-ketti.html