RU

Нұр-Сұлтанда ұрланған құдық қақпақтарының орнын анықтайтын датчиктер орнатылды

Кәріз
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтанда құдық қақпақтары ұрланған жағдайда хабар беретін арнайы датчиктер орнатылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қалалық әкімдіктің хабарлауынша, құдықтардағы қақпақтар ұрланбас үшін тестілік режимде қақпақтардың ашылуын ғана емес, олардың онлайн режимде қозғалуын да тіркейтін датчиктердің жұмысын зерттеп жатыр. Осындай смарт датчиктер нөсер кәріздерінің бірқатар құдықтарына орнатылған.

Ведомствоның айтуынша, датчиктердің жұмыс принципі олардың координаттар жүйесінде орналасуын бағдарламалауға негізделген.

Координаттар жүйесі 10 және одан да көп градусқа ауытқыған кезде датчик ақпараттық жүйеде, сондай-ақ Telegram мобильді қосымшасында көрсетілетін дабыл сигналын береді.

Егер құдық қақпағы ұрланған жағдайда, ақпараттық жүйеде оның қозғалыс траекториясы көрсетіледі. Датчикті қақпаққа бекіту арқылы су басудан және адамдардың оны жұлып әкетуінен қорғауға болады.

Әкімдіктің айтуынша, бұл жүйе өзінің тиімділігін көрсетіп, құқық қорғау органдарының күшімен 2020 жылдың 11 қыркүйегінде шойын қақпақтарды ұрлағандар ұсталған.

Айта кетсек, ақпараттық жүйеге қақпақтар қозғалысының сигналы мен траекториясы, олардың соңғы орналасқан жері көрсетілді.

Қала басшылығы егер ұрлық бола қалса, онда 188-баптың, 2-бөлім 1-тармағы бойынша іс қозғалатынын атап өтті.

Еске сала кетсек, Нұр-Сұлтан әкімдігі бұдан былай карантин тәртібін сақтауды қадағалау күшейтілетіні хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878877-nr-sltanda-rlangan-kdyk-kakpaktaryny-ornyn-anyktajtyn-datcikter-ornatyldy.html