RU

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 102 адам коронавирус жұқтырған

Бетперде2
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде 9 қазанда тағы 102 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ coronavirus2020.kz ресми сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 102 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталғаны белгілі болды", - делінген хабарламада.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 13

Алматы қаласы - 10

Ақмола облысы - 4

Алматы облысы - 3

Атырау облысы - 4

Шығыс Қазақстан облысы - 20

Жамбыл облысы - 2

Батыс Қазақстан облысы - 3

Қарағанды облысы - 12

Қостанай облысы - 3

Маңғыстау облысы - 6

Павлодар облысы - 9

Солтүстік Қазақстан облысы - 12

Түркістан облысы - 1

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 108663-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар өткен тәулікте 152 адамның COVID-19-дан жазылып шыққаны белгілі болды. Бүгінгі күнге дейін елімізде барлығы 103 910 адам коронавирустан емделіп шыққан.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой президенттің қатысуымен өткен коронавирустың екінші толқынына дайындық жөніндегі кеңесте елімізде локдаунның қашан енгізілуі мүмкін екенін айтқан еді.

Министрі елдегі коронавирус жағдайына қатысты үш сценарий ұсынған болатын.

Оның сөзінше, егер Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай екі сценарий бойынша өрбісе, онда еліміз қатаң карантинге қайта оралады.

Ал бұл жағдайда тағы жұмыссыз қалғандарға 42 500 теңге төлене ме, бұған қатысты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі жауап берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878881-kazakstanda-tken-tulikte-tagy-102-adam-koronavirus-zktyrgan.html