RU

Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен келіншектің денесі табылды

Қылмыс1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Түркістан облысында із-түзсіз жоғалып кеткен келіншектің мәйіті табылды. Полиция хабарламасына қарағанда марқұмның денесі 20 күн өткенде Мақтаарал маңындағы қамыстың арасынан табылған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Астана арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, жабайы аң-құстар әбден талап тастаған денені туыстары әрең таныпты. Алайда криминалистер келіншектің адам қолынан өлгенін анықтаған.

Полиция күдікті ретінде жергілікті екі тұрғынды тұтқындаған. Төлем терминалдарын тонаумен айналысқан күдіктілер, келіншекке жұмысынан шыққан уақытта қарақшылық жасағанға ұқсайды.

Сатушы болып жұмыс істеген марқұмды олар тұншықтырып артынан пышақтап өлтірген көрінеді.

"Бұрын соңды сотты болған күдікті тұлғалар құрықталып, аталған қылмысқа қатыстылығы дәлелденді. Қазіргі таңда аталған күдікті тұлғалар ҚР ҚК 99 бабы "Адам өлтіру" дерегімен қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - дейді Түркістан облысы полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сұлтанбек Үсіпбеков.

Келіншектің ажалы 300 мың теңгеден келген. Күдіктілердің қалтасына басқаны сол сома. Олар қылмыстарын толық мойындап отыр дейді телеарна.

Дәлелді айғақ заттар ретінде жәбірленуші заттары табылған. Сот шешімімен күдіктілер екі айға қамауға алынған.

А. Төребекқызы

Айта кетейік, бұған дейін осы жылдың 9 қыркүйегінде Алматыда жоғалып кеткен әйел адамның денесі табылғанын хабарлаған едік.

Сонымен бірге Новосібірде алты ай бұрын жоғалып кеткен қарт ғалымның денесі табылғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878884-trkistan-oblysynda-iz-tzsiz-zogalyp-ketken-kelinsekti-denesi-tabyldy.html