RU

Жәнібек Әлімханұлы титулдық жекпе-жекте аргентиналық қарсыласын нокаутқа жіберді (видео)

Жәнібек Әлімханұлы1
Фото: instagram.com/janibek_qazaqstyle

Бүгін таңертең АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының аргентиналық Гонсало Кориаға қарсы жекпе-жегі өтті. Кездесуде ол қарсыласын нокаутпен жеңді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, Жәнібек жекпе-жекті белсенді бастаған.

Қарсылас қарсы шабуылда әрекет етуді жөн көрген. Екінші раундта Жәнібек қарсыласына жойқын соққыларын бағыттап, нокаутқа жіберген.

Осылайша қазақстандық боксшы WBC Continental Americas және WBO Global орта салмақтағы титулдарын қорғап қалды.

Айта кетейік, бұл Жәнібек Әлімханұлы үшін проф-рингтегі тоғызыншы жеңіс. Отандасымыз осымен бесінші рет қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін орта салмақтағы кәсіпқой боксшының жекпе-жегі АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы The Bubble аренасында өтетінін хабарлаған едік.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет өткен жылы қараша айында АҚШ-тың Калифорния штаты Фресно қаласында жекпе-жек өткізген болатын. Ол кезде қарсыласы Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) алтыншы раундта нокаутқа жіберген еді.

Кейіннен ол 28 наурызда Канадада ганалық Исса Самирмен жекпе-жек өткізіп, өзінің WBC Continental Americas және WBO Global чемпиондық атақтарын қорғауы тиіс болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты аталған жекпе-жек өтпеді.

Сонымен қатар отандасымыз әйгілі былғары қолғап шеберлерін жеңе алатынын мәлімдеген еді. Олардың арасында Сауль Альварес, Дэниел Джейкобс сынды танымал боксшылар бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878886-znibek-limhanly-tituldyk-zekpe-zekte-argentinalyk-karsylasyn-nokautka-ziberdi.html