RU

Армения мен Әзербайжан атысты тоқтату туралы келісімге келді

Әскери1
Көрнекі фото: pixabay.com

Мәскеудегі кеңестің нәтижесі бойынша Армения мен Әзербайжан тұтқындар мен қаза болғандардың денесін алмасу үшін гуманитарлық мақсатта 10 қазанда сағат 12:00-ден бастап Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату туралы келісімге келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров ортақ мәлімдеменің мәтінің оқып берді деп жазады ТАСС.

"Гуманитарлық мақсатта әскери тұтқындармен және өзге де тұтқындалған тұлғаларды, делдалдық кезінде қаза болғандардың денесін алмасу үшін және Халықаралық Қызыл Крест комитетінің талаптарына сәйкес, 10 қазанда сағат 12:00-ден бастап атысты тоқтау туралы шешім жарияланды", - дейді Сергей Лавров.

Құжатта бұл Ресей президенті Владимира Путиннің мәлімдемесіне жауап ретінде үш мемлекеттің яғни Ресей, Армения және Әзербайжан басшыларының уағдаластықтарына сәйкес қабылданғаны айтылған.

Атысты тоқтау келісіміне қосымша, тараптар Таулы Қарабақтағы жағдайды бейбіт жолмен тез арада шешу үшін субстантивтік келіссөздерді бастауға келіскен.

Сонымен қатар Таулы Қарабақ астанасында татуласауға байланысты келіссөздер аясында түн тыныш өткені, бірнеше күннен бері алғаш рет құлаған снарядтардың, сиренаның дауысы естілмегені белгілі болды.

Айта кетейік, Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан мен Арменияның сыртқы істер министрлерін Таулы Қарабақтағы жанжал бойынша Мәскеуге кеңесуге шақырған болатын. Кейін Ресей көшбасшысының ұсынасына екі тарапта өз келісімін берген.

Жұма күні Әзербайжан мен Армения сыртқы істер министрлері Мәскеуге келген. Үш елдің (Ресей, Әзербайжан, Армения) арасындағы келіссөз 10 сағатқа созылған.

Естеріңізге сала кетейік, Таулы Қарабақтағы қақтығыс қыркүйектің 27-сі күні басталды.

Кейін мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының президенті Араик Арутюнян Әзірбайжанға үндеу жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878889-armenia-men-zerbajzan-ok-atpau-turaly-kelisimge-keldi.html