RU

Ақмола облысының тұрғыны 14 жастағы қызын көсеумен ұрып, иығын сындырған

Қылмыс2
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақмола облысы Аршалы кентінің тұрғыны қызын көсеумен ұрып, иығын сындырған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, полицейлер өңірде кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылықтың (психологиялық, сексуалдық және өзге де) алдын алу мақсатында, отбасылардағы балалар зорлық-зомбылығын анықтау және алдын алу бойынша жұмыс жүргізіп отырады.

Мәселен, Аршалы ауданының тәртіп сақшылары Аршалы кенті тұрғынының өз қызына дене жарақатын келтіру фактісін анықтаған.

Белгілі болғандай полиция есебінде тұратын 46 жастағы ер адам "Kaspi Gold" банк картасын пайдаланған 14 жастағы қызын көсеумен ұрып, салдарынан жасөспірім қыздың сол қолының иық буыны сынған.

Қазір күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 107-бабы (Денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сонымен қатар, тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы "қорғау ұйғарымын бұзу" бойынша әкімшілік іс жүргізілуде екен.

Айта кетейік, бұған дейін ақмолалық полицейлер 42 жастағы Макинск қаласының тұрғынын өлтірді деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстағанын хабарлаған едік.

Ер адам бұрын ауыр дене жарақатын салғаны үшін сотталған болып шықты. Тергеу кезінде күдікті спирттік ішімдік ішу барысында жәбірленушінің басына балғамен соққы жасағаны анықталған.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Сонымен қатар Шымкентте азаматтық некедегі бұрынғы әйелін аяусыз ұрған оқиғаға қатысты жаңа дерек шыққанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878909-akmola-oblysyny-trgyny-14-zastagy-kyzyn-kseumen-ryp-iygyn-syndyrgan.html