RU

"Сенім артып отырмын": Еңбек министрі зейнетақы жинағын қалай жұмсайтынын айтты

Біржан Нұрымбетов1
Фото: egemen.kz

Еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы шотындағы жинағын мерзімінен бұрын шешіп алмайтынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

"Заң қабылданғаннан кейін, 2021 жылдан бастап зейнетақы жинағын пайдалануға мүмкіндік берілетінін білесіздер. Бірақ мен өз зейнетақы жинағымды жұмсамаймын, шоттан алмаймын. Өйткені ол мені зейнетақымен қамсыздандыруға қажет болады. Сол себепті өз зейнетақы жинағыма сенім артып отырмын", - дейді Нұрымбетов.

Еске сала кетейік, келесі жылдан бастап қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін жұмсай алады. Негізгі шарт – шоттағы ақша жеткіліктілік шегінен асуы керек.

Жеткіліктілік шегі 20 жастан бастап әр жас үшін бөлек есептелген. Зейнетақы жинағын баспана немесе жер телімін сатып алуға, ипотеканы өтеуге, емделуге және қаржы компанияларының басқаруына беру үшін пайдалануға болады.

Тағы бір қоса кететін жәйт, зейнетақы жинағының бір бөлігін алған азаматтар соманың 10%-ін салық түрінде төлеуге міндетті.

Айта кетейік, бұған дейін Біржан Нұрымбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте күзде немесе қыста қатаң карантин жарияланған жағдайда 42 500 теңге төлене ме деген сауалға жауап берген еді.

Министрдің сөзінше, егер Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай тағы нашарласа, үкімет бизнес пен тұрғындарға қолдау көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878927-senim-artyp-otyrmyn-ebek-ministri-zejnetaky-zinagyn-kalaj-zmsajtynyn-ajtty.html