RU

Қазақстанда өткен тәулікте тағы 94 адамнан коронавирус анықталды

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Sergei Chuzavkov/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Елімізде өткен тәулікте 94 адамнан коронавирус анықталып, ауру жұқтырғандардың жалпы саны 108 757-ге жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанда өткен тәулікте 94 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды", - делінген сайтта.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 15

Алматы қаласы - 9

Шымкент қаласы - 4

Ақмола облысы - 4

Ақтөбе облысы - 3

Атырау облысы - 5

Шығыс Қазақстан облысы - 17

Жамбыл облысы - 4

Батыс Қазақстан облысы - 2

Қарағанды облысы - 4

Қостанай облысы - 4

Маңғыстау облысы - 2

Павлодар облысы - 8

Солтүстік Қазақстан облысы - 13

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 108757.

Еске сала кетсек, корнавирусқа байланысты Солтүстік Қазақстан облысында екі аудан орталығының карантинге жабылатынын жазған едік.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Есіл ауданының орталығы Явленка ауылының аумағында 11 қазан сағат 00.00 -ден бастап кәсіпкерлік қызмет пен тұрғындарға қатысты айырықша талаптармен шектеу шаралары енгізіледі.

Бұндай тиісті қаулы Мамлют ауданының орталығына да қатысты дайындалып жатқаны белгілі болды.

Айта кетсек, бұған дейін өңірдегі Мағжан Жұмабаев ауданының орталығы Булаев қаласы карантинге жабылғанын хабарлаған едік.

Белгілі болғандай соңғы екі аптада бұл ауданда COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 24 жағдайы анықталып, оның 15-і Булаев қаласында тіркелген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878934-kazakstanda-tken-tulikte-tagy-94-adamnan-koronavirus-anyktaldy.html