Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында ақша жымқырған ауыл әкімі қамауға алынды

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: Sputnik / Екатерина Чеснокова

Ақтөбе облысында шаруа қожалығына несиеге берілген 12 миллион теңгеге жуық қаржыны жымқырып қойған ауыл әкімі қамауға алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Қаржы мониторингі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті баспасөз қызметі Мұғалжар ауданы ауылдық округі әкімінің алаяқтық әрекетінің жолы кесілгенін хабарлады.

"Аграрлық несиелік корпорация" АҚ Ақтөбе қаласындағы филиалы "Құлан" бағдарламасы бойынша шаруашылық қожалығының иесіне 40 жылқы сатып алу үшін жалпы сомасы 11 840 000 теңгені құрайтын несие бергені анықталды", – деді ведомство.

Алайда, бөлінген несие шаруа қожалығының иесіне жетпеген.

Ауылдық округтің әкімі жалған құжаттар мен түбіртектерді пайдаланып, көрсетілген қаражатты алып, оны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігіне сай (аса ірі көлемдегі алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Соның аясында ауылдық округ әкіміне "қамауға алу" шарасы қолданылды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданды.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында 27 млн теңге жымқырған мемлекеттік бөбекжай-бақшаның меңгерушісі мен бухгалтеріне сот үкімі шықты.

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі "Astana LRT" ісі бойынша ауқымды тергеуге қатысты жаңа мәліметтерді хабарлаған еді. Тергеу жобадағы миллиардтаған ұрлықты ашып, іс бойынша күдікті деп танылған бес адамды қамауға алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878944-aktbe-oblysynda-aksa-zymkyrgan-auyl-kimi-kamauga-alyndy/

pixel