Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда тұрғындардан 90 млн теңге алған алаяқ әйел ұсталды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: © Sputnik / Абзал Калиев

Тараздың 40 жастағы тұрғынына бірнеше адамнан 90 млн теңгеден астам ақшаны алаяқтық жолмен алды деген айып тағылды. Ол 10 жылға бас остандығынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ ресми медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараз қаласының бірнеше тұрғыны алаяққа алданып қалған. Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті өзін құзырлы органдардың бірінің қызметкері ретінде таныстырған. Осылайша келіншек, құрбандарына мемлекеттік қызметте жауапты орындарда отыратын таныстары барын айтқан.

Сөйтіп ол сыйақы берсе, заңға байланысты кез келген мәселені шешіп беремін деп ұсыныс жасаған. Ол осындай жолмен жәбірленушілердің бірін екі жыл бойы алдап, одан 41 млн теңге алған.

Полицейлердің ақпаратынша, алаяққа алданған қазақстандықтар оған 90 млн теңгесін берген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті жалғыз өзі емес, алдын ала келісім бойынша топтасып істеген. Келінше кінәсін мойындамағанымен, тергеушілер бұлтартрас айғақтар жинап, істі сотқа жіберген.

Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске сала кетсек, Ақтөбе облысында шаруа қожылығының иесіне несиеге берілген 12 миллионға жуық теігені жымқырған ауыл әкімі қамауға алынғанын хабарлаған едік.

Айта кетсек, Алматы облысында Экономикалық тергеу департаментінің бұрынғы қызметкері де кәсіпкерден 30 миллион теңге бопсалады деген күдікпен қамауға алынғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878950-tarazda-trgyndardan-90-mln-tege-algan-alaak-jel-staldy/

pixel