Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қоғамдық көліктерде коронавирус жұқтырып алмас үшін не істеу керек

Опубликовано:

қоғамдық көлік11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Белгілі академик Вадим Покровский қоғамдық көлікте коронавирус инфекциясын жұқтырып алмас үшін не істеу керек екенін айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ Sputnik радиосына сілтеме жасап.

Ресей ғылым академиясы маманының айтуынша, қоғамдық көлікте инфекция жұқтырмау үшін маска режимін сақтау керек

"Бастысы - маска тағу керек. Метро, автобус ішінде емес, оған бірнеше метр қалғанда таққан дұрыс. Өйткені сол маңда адам көп шоғырланған. Көлікте отырғанда бетпердені шешпеген жөн. Қолғап киюді ұмытып кетсеңіз, айналадағы заттарды қолмен ұстамауға тырысыңыз. Бетіңіз бен денеңізге қол тигізбеген жөн. Қолды жиі жууды ұмытпау керек", – деді Покровский.

Вирус жұқтыру қаупін азайтуға ауа циркуляциясы көмектеседі. Маманның айтуынша, көліктің терезесі ашық болғаны дұрыс.

"Терезені ашып, ауаны тазартып тұрған жөн. Алайда ауа райына мән беру керек. Салқын тиіп қалуы мүмкін", - дейді академик.

Қоғамдық көлікте мүмкіндігінше әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс. 

Сондай-ақ, маман жақын жер болса, жаяу жүруге кеңес берген.

Еске сала кетсек, ресейлік жоғары дәрежелі дәрігер Лариса Алексеева салонға барғанда, вирус жұқтырмау үшін қандай сақтық шараларын қабылдау керектігін айтып берген еді.

Сұлулық салондарына барғанда шаш қию және шашты сәндеуден басқа процедуралардан бас тартқан дұрыс. Бетке арналған процедуралар жасалмауы тиіс, себебі сізде міндетті түрде бетперде болуы тиіс", – дейді дәрігер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1878952-kogamdyk-klikterde-koronavirus-zktyryp-almas-sin-ne-isteu-kerek/

pixel