RU

Қарағандыда полицейлер ірі есірткі зертханасының көзін жойды (фото)

Есірткі
Фото: polisia.kz

"Қарасора-2020" жедел-алдын алу шаралары кезінде Қарағанды полицейлері есірткі заттар салынған сөмке асынған ер адамды қолға түсірті. Тәртіп сақшылары күдіктінің үйінен есірткі зертханасын анықтаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ІІМ медиа-порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Полицияның хабарлауынша, ер адамның рюкзагынан салмағы 750 грамм болатын ақ түсті кристалды зат салынған целлофан пакеті табылған.

Тәртіп сақшылары күдіктінің үйіне барып, синтетикалық есірткі заттарын өндіретін жерасты зертханасын анықтаған. Олар 5 келі дайын өнімді тәркілепті.

Айтуларынша, алынған заттың қара нарықтағы құны 76,5 млн теңгені құрайды.

Есірткі
Фото: polisia.kz

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстың кодексіні 297 бабы "Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу", 1 таруына сәйкес қылмыстық іс қозғалған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың басынан бері Қарағанды ​​облысы әкімшілігінің есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері 4,5 тоннадан астам түрлі есірткі затын тәркілегені хабарланды.

Еске сала кетсек, Ақтөбеде есірткі пайдаланып, көлік айдаған жүргізушінің ұсталғанын хабарлаған едік.

Ақтөбеде патрульдік полиция қызметкерлері 4 қазан күні Қонаев пен Смағұлов көшелерінің қиылысында "Опель-Астра" автокөлігін тоқтатқан.

Анықталғандай көлік рөліндегі 21 жастағы жүргізуші бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылған болып шықты.

Бұдан бөлек оның есірткілік масаң күйде болғаны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878953-karagandyda-policejler-iri-esirtki-zerthanasyny-kzin-zojdy-foto.html