RU

Әзірбайжандағы көппәтерлі үйге зымыран құлады: Қайтыс болғандар бар (видео)

Гянджа қаласындағы зымыран құлаған үй
Фото: twitter.com/aztvresmi

Әзірбайжанның Гянджа қаласына Армения аумағынан оқ атылды. Бұл туралы бүгін елдің Қорғаныс министрлігі хабарлады. Қазір оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеп жатыр деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әзірбайжан Қорғаныс министрлігінің ресми сайтында Арменияның Бердский ауданы аумағынан Гянджа қаласына қарай тағы да оқ атылғаны хабарланған.

РИА Новости республиканың бас прокуратурасына сілтеме жасап жазуынша, өткен түнде көппәтерлі тұрғын үйге зымыран түскен. Ғимарат толығымен қирап қалған.

Оқиға салдарынан бес адам қаза тауып, тағы 28-і жарақат алған. Елдің ТЖМ үйінді астынан марқұмдар мен жаралылардың табылғанын хабарлады. Оқиға орнында жұмыстар жалғасуда.

Алайда Арменияның Қорғаныс министрлігі зымыран ұшырды деген ақпаратты жоққа шығарды.

Сондай-ақ бүгін Әзірбайжанның бас прокуратурасы Ереванның Оңтүстік Кавказдағы ірі жылу электр станциясы орналасқан Мингячевир қаласына оқ жаудырғанын хабарлады.

"Зымырандарды біздің армияның әуе қорғанысы күштері залалсыздандырды. Прокуратура оқиға болған жерді қарау үшін қажетті тергеу шараларын жүргізеді", - деді Әзірбайжанның бас прокуратурасы.

Еске сала кетсек, Мәскеудегі кеңестің нәтижесі бойынша Армения мен Әзербайжан тұтқындар мен қаза болғандардың денесін алмасу үшін гуманитарлық мақсатта 10 қазанда сағат 12:00-ден бастап Таулы Қарабақтағы атысты тоқтату туралы келісімге келген болатын.

Ал Таулы Қарабақтағы қақтығыс қыркүйектің 27-сі күні басталған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1878958-zirbajzandagy-kppterli-jge-zymyran-klady-kajtys-bolgandar-bar-video.html